"Сөйлесем, даусым аңқыған, Сөйлеуге жүрек талпынған!"  

Махамбет

Біздің тарих / Наша история

     Атырау өлкесі қазақ әдебиетіне Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Марат Отаралиев, Зейнолла Қабдолов, Зейнолла Серікқалиев, Есенжол Домбаев, Табылды Досымов, Аманқос Ершуов, Рахымжан Отарбаев сынды ірі тұлғаларды берді.
     Өңірдің әдеби тыныс-тіршілігіне деген қамқорлық өткен ғасырдың 40-ыншы жылдарынан бастау алады. Белгілі журналист Саламат Қайдаров 1937 жылы Орал пединститутын бітіргеннен Атырау қаласында әдеби ортаны қалыптастыруда көптеген жұмыстар атқарған. 1944 жылы өткен республикалық айтысқа өңірден Құмар Жүсіп бастаған бірнеше ақын қатысады. 1946 жылы осы айтыс Атырауда өтеді. 
    1954 жылы белгілі жазушы Берқайыр Аманшин Қазақстан Жазушылар Одағының Атыраудағы әдеби кеңесшісі болып тағайындалады. Ол аймақтағы әдеби ортаны қалыптастыруда үлкен еңбек сіңірді. Сол жылдардағы әдеби ортадан Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Аманқос Ершуов, Қадір Жүсіп, Қырықбай Бекбаев, Нұрәлі Әжіғалиев, Көпжасар Осмағамбетов сынды көптеген елге белгілі қаламгерлер шықты.
     1964 жылы белгілі жазушы-драматург Берік Қорқытов ҚЖО-ның Атыраудағы әдеби кеңесшісі болып сайланды. Бұл жылдары қазақтың ірі қаламгерлері, әйгілі рухани қайраткерлер Атырау жұртшылығымен жиі кездесіп тұрды. 1990-ыншы жылдары әдеби-кеңесші қызметін Амангелді Жылқышиев атқарды.
     2002-2023 жылдары ҚЖО Атырау филиалын белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Қойшығұл Жылқышиев басқарды. Филиал құрамында отызға тарта одақ мүшесі бар.

Фотографии

  • Read the poems of the famous children's poet Bolat Dauletov. Read the poems of the famous…

    Dear friends! Read the poems of the famous children's poet Bolat Dauletov. To write a poem for children, it is necessary to be pure and transparent as a child... From the pen of Bolat Dauletov, wonderful collections of poems named "Mercy", "Shuagym", "Syr and zhyr", "Bazarlik",…

  • МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ 180…

    МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА "Т Ө К П Е Ж Ы Р Д Ы Ң Т Ө Р Е СІ " ә д е б и - м у з ы к…

  • We need a new rule for regular work We need a new rule for regular…

    An expanded session of the Secretariat of the Writers Union of Kazakhstan was held last…

  • The writers of Atyrau met on the 85th anniversary of their distinguished Kazakh critic Zeinolla Serikkaliuly. The writers of Atyrau met on…

    Writers' Union Atyrau branch and G. At the event organized by the general library of the…

  • Қадірлі достар! Қадірлі достар!

    Жуырда Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалы мен Атырау телеарнасының бірлескен жаңа…

  • I am Kazakh, heaven's Turk! I am Kazakh, heaven's Turk!

    Ақын, аудармашы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Бекет Қарашиннің шығармалары…

Свяжитесь с нами